Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Сауд Арабиясында жемқорлық жасады деп ұсталған 20 адам босатылды

baq.kz 25.12.2017 4058 0 пікір
Сауд Арабиясында жемқорлық жасады деп ұсталған 20 адам босатылды

Сауд Арабиясы билігі соңғы бірнеше күнде бұрын сыбайлас жемқорлық жасады деген айыппен ұсталған 20 адамды қамаудан босатты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Басылым берген мәліметтеріне қарағанда, соңғы аптада босатылғандардың арасында беделді тұлғалар, соның ішінде бұрынғы қаржы министрі, Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай компаниясы Saudi Aramco басшылығы мүшелерінің бірі Ибрагим Абдел Азиз әл-Ассаф, ханзада Турки бен Халид те бар. Жуырда сыбайлас жемқорлыққа байланысты сот отырысы басталады.

Еске сала кетейік, 5 қарашада ел билігінде отырған отбасының 11 ханзадасы, сондай-ақ үкіметтің бұрынғы 30 министрі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тұтқындалды.

"Аль-Маядин" телеарнасы хабарлағандай, күдіктілер арасында медиамагнат Әль-Валид бен Таляль бен Абдель Әзиз Әль Сауд ханзада, 4 қарашада отставкаға кеткен экономика мен жоспарлау министрі Адель Факих, сондай-ақ ұлттық гвардия министрлігінің бұрынғы басшысы Митаб бен Абдалла бен Абдель Әзиз Әль Сауд ханзада да бар.

Сауд билігі айып тағылған адамдар тізімін ресми түрде жариялаған жоқ.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру