Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қ.Тоқаев: Иерусалим бүкіл адамзатқа ортақ құндылық екенін ескеруіміз керек (ВИДЕО)

24.kz 14.12.2017 4331 0 пікір
Қ.Тоқаев: Иерусалим бүкіл адамзатқа ортақ құндылық екенін ескеруіміз керек (ВИДЕО)

Түркия Иерусалимді Палестина астанасы деп мойындауға шақырды. Ыстамбұлда Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммиті өтті.

Алқалы жиында Иерусалим қаласының құқықтық мәртебесі талқыға салынды. Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің Шығыс Иерусалим Палестина мемлекетінің ажырамас бөлігі ретіндегі мәртебесіне қатысты қарарын барлық елдердің қатаң сақтауын жақтайды. Саммит аясында сөз сөйлеген Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұстанымын осылайша жеткізді. Күн тәртібіндегі мәселе үш діннің руханияты тоғысқан тарихи шаһардың мәртебесі мен Таяу Шығыс аймағының келешегін талқылау. Алқалы жиынға 48 елден 16 мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілері және лауазымды тұлғалар қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған Түркия Президенті, Ислам ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Реджеп Тайып Ердоған Израильдің басқыншылық әрекетін қатаң сынап, Иерусалимді керісінше Палестина мемлекетінің астанасы деп жариялауға шақырды.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Республикасының Президенті:

- АҚШ-тың заңсыз әрекетін Иерусалим топырағына басқыншылықпен кірген Израиль ғана қолдау білдірді. Қалған мемлекеттерге бұл заңсыз қарарды қолдамағаны үшін алғысымды айтамын. Біз ислам елдері басқыншылық езгісінде қалған Иерусалим қаласын Палестина мемлекетінің астанасы деп мойындауға шақырамын.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Иерусалим әлемдегі негізгі үш дін үшін де қасиетті шаһар. Осы қала үшін талас орта ғасырлардан бастау алды. Енді сол соғыстың одан әрі жалғасуына жол бермеуіміз керек. Иерусалим бүкіл адамзаттың құндылығы екенін ескерген абзал. Киелі мекенде татулық түсіністік орнауы тиіс. Бұл ретте Қазақстан БҰҰ белгілеген Иерусалимнің ашық мәртебесін сақтауды қолдайды. Біз Таяу Шығыстағы бейбітшілікті нығайтуға мүдделі барлық мемлекеттердің күш біріктіруін ұсынамыз.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру