Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қатарда ҚР Тәуелсіздігінің 26-жылдық мерейтойына арналған салтанатты қабылдау өтті

13.12.2017 3372 0 пікір
Қатарда ҚР Тәуелсіздігінің 26-жылдық мерейтойына арналған салтанатты қабылдау өтті

11 желтоқсанда Доха қаласындағы «Grand Hyatt» қонақүйінде еліміздің Қатар Мемлекетіндегі Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдық мерейтойына арналған салтанатты қабылдау өтті. 

Аталған шараға Қатар Мемлекетінің саяси құрлымы өкілдері, атап айтқанда, ҚМ Уақыфтар және ислам істері министрі Ғаис бен Мубарак Әл-Кауари, Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Ахмад Әл-Хамади, «Qatar Airways» әуекомпаниясының басшысы Акбар Әл-Бакер, «Katara Cultural village» Мәдени қалашығының Бас директоры д-р Халид бен Ибрагим Әл-Сулайти және кәсіпкерлер мен тұрғылықты елде тіркелген дипломатиялық миссия басшылары, мәдениет, ғылым және БАҚ саласының өкілдері мен қазақ диаспорасы қатысты.
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Шоқыбаев қонақтарға арналған сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен мемлекеттіліктің негізі мен оның дамуына қатысты қабылдаған басты шешімдері мен қағидаларына назар аударды және еліміздің 26 жылда саяси, экономика және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізген жетістіктерін, халықаралық сахнадағы ролі мен беделін атап өтті.
Сонымен қатар, Елші жиналған қонақтарға Қазақстан-Қатар екіжақты қатынастарындағы соңғы жетістіктер мен болашақ жоспарлары туралы баяндады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру