Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАӘ-де бірінші ғарышкерлер іріктелуде

www.muftyat.kz 08.12.2017 3237 0 пікір
БАӘ-де бірінші ғарышкерлер іріктелуде

БАӘ үкіметі «отандық» ғарышкерлерді іріктеу әрі дайындау жөніндегі бірінші ұлттық бағдарламаны іске қосты. Әмірліктің жастары — жігіттер де, қыздар да – іріктеуге қатысуға шақырылуда, - деп мәлімдеген болатын БАӘ-нің вице-президенті әрі премьер-министі және Дубайдың әміршісі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум.

Бұл бастама БАӘ-нің 2021 жылы Қызылжұлдызға зонд жіберу әрі 2117 жылы қызыл ғаламшарды отарлау жоспарына сәтті түрде үйлесіп тұр.  «Жаңа ғарыш бағдарламасының іске қосылуымен тарихтың жаңа беті ашылғалы тұр. БАӘ-нің халқы барлық кедергілерден өтіп келеді – мүмкін емес нәрсе болмайды дегенге сенетіндерді ештеңе де тоқтата алмайды», - деп жазған екен Дубай әміршісі әлеуметтік желілерде.

Конкурсқа қатысуға іріктеліп алынғандардың алдында халықаралық стандарттар бойынша теориялық және тәжірибелік ауқымды оқу бағдарламасы тұр.

БАӘ-нің командасына Әмірліктің 4 ғарышкері кіретін болады және олар Халықаралық ғарыш станциясына жол тартады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру