Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Әбу-Дабиде санитариялық торап-автоматтарын орнатуда

www.muftyat.kz 07.12.2017 3279 0 пікір
Әбу-Дабиде санитариялық торап-автоматтарын орнатуда

Әбу-Даби қалалық муниципалитеті 15 автоматтандырылған санитариялық тораптардың бірінші топтамасының жеткізілімін бастады. Жылдың соңғы тоқсанының аяғына таман 54 бірлік орнатылады деп күтілуде. Жоба толықтай 2018 жылдың бірінші тоқсанының соңына таман бітуі тиіс.

Аталмыш жоба қауымдастыққа заманауи, ыңғайлы нысандар мен жетілдірілген инфрақұрылымдар ұсынатын қала салу және муниципалитет Департаменті міндетінің  бір бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, бұл қадам Әбу-Даби дамуының жоспарымен келісілген үкімет нұсқауына сәйкес келеді.

Автоматтандырылған санитариялық тораптар саябаққа, сауда алаңдарына, тұрғын үйлер орамына келушілерге, сондай-ақ, негізгі және қосалқы жолдар жүргіншілеріне арналған.

Келешекте бұл жоспар рекреациялық нысандардың көпшілігін, көшелерді және қаланың іскер аудандарын қамтитын болады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру