Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Тереза Мэй Сауд Арабияда

www.muftyat.kz 01.12.2017 3503 0 пікір
Тереза Мэй Сауд Арабияда

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй үстіміздегі жылда Сауд Арабияға ресми сапармен екінші мәрте келді.

Сапар аясында ол Корольдіктің басшыларымен келіссөз жүргізбек, ал талқыланатын басты тақырыптар Сауд Арабияны түрлендіру және САК британ қару-жарағының жеткізілімі жөнінде болмақ. 

Естеріңізге сала кетсек, Тереза Мэйдің Эр-Риядқа алдыңғы келуі үстіміздегі жылдың сәуір айында орын алған болатын. Сол кезде премьер-министр Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед  бин Салманмен кездескен.

Сауд Арабия БАҚ-ы жазғандай, бірінші сапарындағыдай осы жолы да британ үкіметінің басшысы Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі мен Сауд корольдігі сарайының Корольдікке келетін қыз-келіншектердің орамал тағып, ұзын көйлек киюі тиіс деп айтқан  ұсыныстарын көзге де ілмеген екен.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру