Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алла разылығын алу үшін тегін тамақ таратуда.

www.muftyat.kz 29.11.2017 3547 0 пікір
 Алла разылығын алу үшін тегін тамақ таратуда.

Суретте: Имран мен оның жұбайы

Канадалық мұсылман Имран Ассим және оның жұбайы үйлену тойларынан соң бірінен кейін бірін үш баланы дүниеге әкеліп, жан-тәнімен отбасы қамына кірісіп жүріп, осы қалада мешіт пен мұсылман қауымының бар екенін мүлде естерінен шығарып алыпты.

Күндердің күнінде 36 жасар Имран өз достарымен кофе ішіп отырып, неге мұсылмандар осы қоғамда игі істер жасамайды деп пайымдайтынын, ал өзінің ештеме де жасап жүрмегені жайлы ойға қалады. Осылайша, Имранда өз қаласындағы мұқтаж жандарға тегін ыстық тамақ беретін асхана ашу туралы ой туындаған еді және тамақты таратуды Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күніне орайластырмақ, деп мәлімдейді IslamNews CBC-ге сілтеме жасай отырып. 

Имран мен оның жұбайы және басқа да мұсылмандар бірнеше жексенбіні  үйсіздер мен мұқтаж жандар үшін тамақ жасаумен әрі оны қаптаумен өткізеді. Қазіргі таңда тегін таратылған тамақ саны 10 мыңға жетті.

«Бізде бәрі бар, ал дүниедегі кейбір адамдарда ештеме жоқ, сондықтан біз оларға ең қажеттіні беруге тырысамыз», — дейді үйсіз-күйсіз, пақырларға Имранмен бірге жүріп тамақ дайындауға  қатысқан  мектеп оқушы Юсуф Субедар.

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру