Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мекке мен Медине мешіттерінде суретке түсуге тыйым салынды

www.muftyat.kz 29.11.2017 5787 0 пікір
Мекке мен Медине мешіттерінде суретке түсуге тыйым салынды

Сауд Арабия билігі Мекке мен Мединеде орналасқан исламның екі қасиетті мешіттерінде кез келген cурет пен бейнетүсірмеге тыйым салды деп хабарлайды faktXeber.ru Daily Sabah газетіне сілтеме жасай отырып.

Суретке түсіруге салынған тыйым Меккедегі әл-Харам мешіті мен Мединдегі ән-Набауи мешіті аумақтарына ғана қатысты.

Елдің ІІМ-мен енгізілген аталмыш тыйым салудың мақсаты — қасиетті орындарды түрлі суреттер мен БАҚ өкілдерінен қорғау, сақтау болып табылады. Сондай-ақ, тыйым мешіттерге іргелес аумақтарға да қатысты.

"Лайықты түрде құлшылық етуді қамтамасыз ету үшін жасалған тәртіп бұзылған жағдайда, сурет немесе бейнетүсірме үшін пайдаланылған құрал тәркіленеді, әрі заң шаралары қолданылатын болады", - деп айтылған ІІМ мәлімдемесінде.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру