Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

74 жасар қазақтың қариясы гір спортынан әлем чемпионы атанды

www.muftyat.kz 24.11.2017 3414 0 пікір
74 жасар қазақтың қариясы гір спортынан әлем чемпионы атанды

Көкшетау қаласында тұратын 74 жасар қазақстандық Борис Нұғманов гір спортынан әлемнің абсолют чемпионы атанды.

34 елдің 500-ден аса атлеттері жиналған бұл жарыс Оңтүстік Кореяда өткен.


Қарт мұсылман болса 70-74 жас категориясы бойынша бағын сынап, өзінің ұзын цикл бойынша гірді жұлқа тартуымен әлемнің ең үздігі атанды.


"Гір көтерудің бұл түрінде алдымен гір кеудеге қойылып, сосын жоғары көтеріледі де 1-2 секундтай тұрады, одан кейін қайтадан кеудеге қойылып, содан соң төмен түсіріледі. Осылайша жасалғанда ғана бір рет көтерілген болып саналады", - деп түсіндіріп өтті әлемнің абсолют чемпионы.

Айта кету керек, қазақстандық атлет ардагерлік спортқа 2008 жылдан бері қатысып келеді. Үстіміздегі жылдың қазан айында Б.Нұғманов жатып гірді сығымдап көтеруден еліміздің чемпионы атанған.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда зейнеткер 2018 жылдың мамыр айында Будапеште өтетін Еуропа чемпионатына дайындық үстінде.

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру