Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Сауд Арабиясы нөсер астында қалды. (ФОТО)

www.muftyat.kz 24.11.2017 3949 0 пікір
Сауд Арабиясы нөсер астында қалды. (ФОТО)

Сауд Арабия үкіметі тұрғындарға қара жауын салдарынан су тасқыны болуы ықтимал деген өзендер мен аудандарға жақындамауға үндеуде.

Мұның салдарынан Меккеде, сондай-ақ, Таиф пен Жиддада мектептер мен колледждер жабылды деп мәлімдейді marwa.ru.

Жиддада толықтай немесе жартылай су басқан алты туннел мен көру мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты көптеген жолдар да жабылды.

Жақын күндері Мекке мен Мединенің шет аймақтарында, Жазана, Асира және Бахи таулы аймақтарында қара нөсер болады деп күтілуде.

САК-нің Ішкі істер министрлігіне қарасты Қауіпсіздік саласының ұлттық орталығына аталмыш қара жауын басталғаннан бастап сейсенбінің түскі уақытына  дейін 10 902 қоңырау келіп түскен. Осы қоңыраулардың басым көпшілігі қауіпсіз қозғалыс үшін пайдалануға болатын жолдар мен көшелерді білу мәселелері төңірегінде болған екен.

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру