Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жаппай Исламды қабылдаған тайпаның өмірі қалай өзгерді?

www.muftyat.kz 23.11.2017 6159 0 пікір
Жаппай Исламды қабылдаған тайпаның өмірі қалай өзгерді?

Индонезияда  Оранг Римба – «құрайт адамдары» деп аталатын тайпа өмір сүреді. Пұтқа табынатын әрі көшіп жүретін өмір салтымен индонезия мұсылмандарынан қатты ерекшеленетін бұл тайпа өмірін жақсарту үшін жаппай Исламды қабылдауда.

Егер бұрын Оранг Римба тайпасындағы балалар жалаңаш жүретін болса, ал қазір олар ақ жейделер мен көйлектер киді, ұлдар  – тақия киіп, қыздар – шаштарын өріп жүретін болды.  Осы күнге дейін діннен хабарсыз болған балалар діни сауаттарын ашып, діннің негіздерін үйренуде.

3 ай уақыт бұрын тайпаның бірден 58 отбасы Исламды қабылдаған болатын. BBC News-дің хабарлауынша, осы отбасылар үшін арнайы салтанатты шара ұйымдастырылып, дінді жаңа қабылдағандарға жаңа киімдер мен жайнамаздар сыйланған екен.  

Дін таратушы ұстаз Рейханның айтуына қарағанда,  осы күндерге шейін тайпа өркениеттен өте алыс қалған жағдайларда әрі аса оғаш  тәртіппен өмір сүріп келген.

«Олардан біреу өлер болса, тіпті оны жерлемей, тек мәйітті орманға қалдырып кетіп отырған екен. Енді олардың өмірі мән-мағынаға толы әрі мұраты бар», - дейді Рейхан.

Югук деп аталған ауыл ақсақалы Мұхаммед Юсуфтың айтуынша, Исламды қабылдау шешімі оңайға соқпаған, бірақ жақсы болары сөзсіз – өйткені Исламда сауаттылық пен білімділік дәріптеледі және тайпа балаларының өмірде бір нәрсеге қолы жететіндігінің мүмкіндігі туды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру