Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Хижабпен 3 км жүгіре алар ма екенсіз?

www.muftyat.kz 23.11.2017 3883 0 пікір
Хижабпен 3 км жүгіре алар ма екенсіз?

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Индонезияның шет аймағында орналасқан Батыс Кіші Зонд аралында мұсылман қыз-келіншектерге арналған ерекше жарыс орын алмақ.

The Jakarta Post баспасының мәлімдеуінше, 10 желтоқсанға жоспарланған «Хижабпен жүгіру» жарысы аясында қалау білдірген барлық мұсылман қыз-келіншектер бірнеше ауылдарды басып өтіп, аймақтың астанасына қарай 3 километр жерді жүгіріп өтулері керек.

Аталмыш шара тек спорттық нәтижені ғана көздеп отырған жоқ, сонымен қатар, бұл жарысқа қатысушылар қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын да көрсетіп өтпек, өйткені жарысушылар жүгіру жолында кезіккен қоқыстарды жинап ала жүруге тиіс.

Жергілікті саяхат департаментінің басшысы Мұхаммед Фаузалдың айтуынша, бұл жарысқа 10 мыңнан артық адам қатысады деп күтілуде.

«Хижабпен жүгіру-2017 шет аймақтағы спорт саяхатындағы, сондай-ақ, халал  саяхаттағы діни оқиға болмақ», - деп атап өтті шенеунік.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру