Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ыдыс-аяқ жуу денсаулыққа пайдалы – ғалымдар

Фото: adigaskell.org baq.kz 21.11.2017 5568 0 пікір
Ыдыс-аяқ жуу денсаулыққа пайдалы – ғалымдар

Күнделікті жеңіл физикалық жаттығулар адамның өмірін ұзартуға оң әсерін тигізеді. Әсіресе жүгіру мен ыдыс-аяқ жуу, тағы басқа үй шаруасындағы міндеттер пайдалы екені анықталды. Бұл туралы Journal of the American Geriatrics Society журналында жарияланған америкалық дәрігерлердің жұмысында бекітілген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

Зерттеуге 65 пен 99 жас шамасындағы 6 мың әйел қатысты. Ғалымдар зерттеуге қатысушылардың физикалық белсенділіктерін бір апта бойы фитнес-трекерлер арқылы бақылап отырды. Кейін дәрігерлер әйелдердің денсаулығын 3 жыл бойы да бақылауда ұстады.

Жүргізілген тәжірибеде күніне 30 минут уақытын физикалық белсенділікке бөлген әйелдердің өлімі қозғалысы аз әйелдерге қарағанда 12%-ға төмен болғандығы анықталған. Ал күнделікті 1 сағаттық жүктеме өлім ықтималдығының көрсеткішін 39%-ға төмендеткен.

Ғалымдардың айтуынша, физикалық белсенділікке үй шаруасындағы міндеттер, оның ішінде үй жинау, ыдыс-жуу, сондай-ақ таза ауада серуендеу жатады.

«Ұзақ уақыт бойы мұндай әрекет салауатты өмір салты үшін жеткіліксіз деп есептеліп келді. Дегенмен қазір бізде дәлел бар: тіпті ең жеңіл жүктеме әйелдердің келесі 3-4 жылда өмірден өтуінің ықтималдығын төмендетеді», — деді зерттеудің бас маманы Андрэа Лакруа.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру