Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ҚАРАХАН БАБА КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.05.2023 2836 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚАРАХАН БАБА КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына сапарын қаладағы Қарахан баба кесенесіне арнайы зиярат етуден бастады. Бас мүфти Тараз қаласында өтетін халықаралық конференция қатысушыларымен бірге баба рухына Құран бағыштады.

Қарахан баба кесенесі – Тараздағы Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан ХІ ғасырға жататын сәулет ескерткіші. Ескерткіш Сатұқ Боғра Қараханның жерленген жеріне тұрғызылған. Қазақ даласындағы Ислам дінінің таралуы осы Қарахан баба әулетімен тікелей байланысты.

Айта кетейік, бүгін Тараз қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қарахан мемлекеті тұсындағы Ислам» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтеді. Жиынға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан ғалымдары қатысып, Қарахан дәуіріндегі Ислам діні, жазба ескерткіштер, әдеби жәдігерлер тақырыбында баяндама жасайды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру