Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ IRCICA ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.05.2023 1971 0 пікір
БАС МҮФТИ IRCICA ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында қазақ даласынан шыққан көрнекті ғұлама-ғалым Хусамуддин әс-Сығнақидың 800 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ислам өркениеті кеңістігіндегі Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында IRCICA ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Зерттеу және жарияланымдар бөлімінің басшысы Женгиз Томармен кездесті.

Кездесуде Ислам тарихын, өнерін, мәдениетін зерттеу мәселелері мен осы бағытта ортақ жобаларды жүзеге асырудың маңызы сөз болды. Бас мүфти Діни басқарманың Ислам тарихы мен мәдениетін зерттеу бағытындағы жұмыстары мен игі жобалары жайлы айта келе, Женгиз Томар мырзаны ортақ істер аясында ынтымақтастықты арттыруға шақырды. Өз кезегінде IRCICA ислам ынтымақтастығы ұйымының өкілі Діни басқарма бастамаларына әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру