Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ СТУДЕНТТЕРДІ ӘС-СЫҒНАҚИ ЕҢБЕКТЕРІН ТЕРЕҢ ОҚУҒА ШАҚЫРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.05.2023 1853 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ СТУДЕНТТЕРДІ ӘС-СЫҒНАҚИ ЕҢБЕКТЕРІН ТЕРЕҢ ОҚУҒА ШАҚЫРДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында қазақ даласынан шыққан көрнекті ғұлама-ғалым Хусамуддин әс-Сығнақидың 800 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ислам өркениеті кеңістігіндегі Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, студенттерге насихат айтты.

Нұр-Мүбәрак университетінің шәкірттерін терең білім алуға үндеген Бас мүфти: «Осы ретте студенттерімізді діни рухани кеңістігіміздегі бүгінгі күннің түйткілді діни терең сұрақтарға тұщымды, бұлтартпас дәлелдермен жауап беру үшін осы салада жазылған әс-Сығнақи еңбектеріне терең бойлап, ғылым игеруге шақырамын. Өйткені ғұламаның бұл саладағы еңбектері еліміздегі Әбу Ханифа фиқһ мектебін және Матуриди ақида мектебін зерттеуде, оқытып-үйретуде құнды ғылыми әдебиеттердің бірі саналады» деді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру