Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІНІҢ ЖАҢА КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.05.2023 2534 0 пікір
ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІНІҢ ЖАҢА КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, ҰҒА академигі, белгілі шығыстанушы-ғалым, исламтанушы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти (2000-2013 жж.) марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Араб, парсы деректеріндегі Тараз және таразиліктер (Х-ХХ ғғ.)», «Забытые мыслители Великой степи» (ІХ-ХХ вв.) кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Әуелі Құран оқылып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әбсаттар қажы Дербісәлінің рухына арнайы Құран аятын бағыштап, дұға жасады.

Игі іс-шараға қатысқан ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазақ халқында: «Жақсының аты, ғалымның хаты» өлмейді деген даналық сөз бар. Әбсаттар хазірет ағамыз арамыздан кетсе де оның ғылым жолындағы еңбектері өз оқырмандарымен мәңгі жасап келеді. Біз бүгін соның тағы куәсі болып отырмыз. Өйткені академик, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің өз қолымен жазып қалдырған «Араб, парсы деректеріндегі Тараз және таразиліктер (Х-ХХ ғғ.)», «Забытые мыслители Великой степи» (ІХ-ХХ вв.) кітаптары оқырмандарға жол тартты. Алла Тағала ұстазымызды мейіріміне бөлеп, жанын жаттың төрі еткей. Рухы шат болғай. Иманы өзіне серік болып, пәни өмірде жасаған ізгі амалдарының қарымын алғай.

Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет дінбасылық қызметін атқарумен қатар сайын даланың саңлақтарын түгендеп, ұмыт қалған ұлыларымызды тірілтті. Шетелдік сапарлары кезінде кітапханалар мен қолжазба қорларына арнайы бас сұғып, ұлы даламыздан шыққан ғалымдардың еңбектерін қазақ тілінде сөйлетті. Бүгінгі қолымызға тиіп, тұсауы кесілгелі тұрған «Араб, парсы деректеріндегі Тараз және таразиліктер (Х-ХХ ғғ.)» кітабы да көне шаһар Тараздың 10 жылдық тарихын қамтып, осы кезең бедерінде араб, парсы тілдерінде қалам тербеген жетпіске жуық ойшылдың өмірі мен шығармашылығын егжей-тегжейлі зерделеп кетті» деді.

Тұсаукесер рәсіміне қатысқан зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар Әбсаттар қажы Дербісәлі туралы естеліктерімен бөлісті. Айта кетсек, Әбсаттар қажы өмірінің соңғы сәттерінде аталған кітаптарды жазып қалдырған. Марқұмның жұбайы Рафия Бәкірқызы оның еңбектерін құрастырып, баспаға ұсынып шығаруға ұйытқы болды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру