Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ БЕС БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.05.2023 2228 0 пікір
БАС МҮФТИ БЕС БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық аппаратының кезекті жиналысы өтті.

Жиында Бас мүфти дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасына сәйкес «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында бес бағыт бойынша атқарылған жұмыстар мен ұйымдастырылған шаралардың есебін тыңдады.

«Өздеріңізге белгілі Төралқа мәжілісінде 2023 жылды діни қызмет аясында «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялап, жұмыс жоспарымызды бес бағытқа бекіткен едік. Аллаға шүкір, солардың бірқатары өздеріңіздің, имамдарымыздың, жалпы дін қызметкерлерінің жүйелі жұмыс істеуінің арқасында жоспарға сай атқарылып келеді. Жыл соңына дейін ойға алған мақсатымыз толықтай орындалатынына толық сенімдемін. Ең бастысы, Алла Тағала баршамызды бірліктен, татулықтан айырмай, күш-қуат, денсаулық берсін, дін жолындағы қызметімізге мол сауаптан жазсын» деді ҚМДБ Төрағасы.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бес бағытқа жауапты бөлім меңгерушілерінің баяндамасын, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру