Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «АҚМЕШІТ-СЫРДАРИЯ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.05.2023 1824 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «АҚМЕШІТ-СЫРДАРИЯ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңірдің орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Ұрпақ тәрбиесі – болашақ кепілі» тақырыбында уағыз айтқан ҚМДБ Төрағасы: «Құдай қосқан екі жас отау құрған соң, Алланың қалауымен перзент сүю бақытына ие болады. Сол перзентті қоғамға пайдасын тигізетін тұлға ретінде тәрбиелеумен қатар, Алланың ізгі құлы етіп өсіру жауапкершілігін мойындарына алады. Осы ретте ата-ананың баласының алдындағы міндеттерінің бірі – дұрыс әрі ізгі тәрбие беру. Тәрбиесіз, надан әрі залым ұрпақ бұл дүниеде әке-шешесін қарабет қылып, абыройдан жұрдай қылса, арғы дүниеде өзі мен бала-шағасына зиянын тигізетінін ескертіп, Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастардан болған оттан (тозақтан) құтқарыңдар», – деген («Тахрим» сүресі, 6-аят). Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір өсиетінде: «Біліп қойыңдар! Сендердің барлығың бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауапкерсіңдер. Әмірші (басшы) – адамдарға бақташы, ол – сол отарына жауапкер, ер кісі – өз отбасына бақташы, сол отарына жауапкер, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі солардан сұралады», – деген» деді.

Бас мүфти жұма намазынан кейін Қызылорда жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру