Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ЕЛІМІЗДЕ МҰСЫЛМАН ЗИРАТТАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (ФОТО)

muslim.kz 29.04.2023 3512 0 пікір
ЕЛІМІЗДЕ МҰСЫЛМАН ЗИРАТТАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (ФОТО)

Бүгін «QАМQOR-SНARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылғы айтулы шаралар жоспарына сәйкес «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында еліміздің барлық аумағындағы зират басына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру - жәй ғана міндет емес, ізгі амал. Осы ізгі амалды өскелең ұрпаққа көркем түрде насихаттау, дүниеде қадірлі болған мұсылман адамның қабірін аяқасты етпей, құрметпен қарау – бүгінгі шараның негізгі мақсаты.

Мәселен Астана қаласының дін қызметкерлері мен еріктілері елордадағы үлкен 7 зиратты тазалады. Игі шараға кіріспес бұрын Алланың кәламын сақтаған қари Құран оқып, қорымда жатқан барша әруақтар рухына бағыштады. Қазақы дәстүрге сай үлкен ақсақалда бата алынып, жиылған жұрт сауапты іске кірісті.

ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай сөз сөйлеп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының лебізін жеткізді.  Бүгінгі шараның өтуіне ұйытқы болған «QАМQOR-SНARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы өздерін таныстырып, орталқтың негізгі міндеттерін атап өтті. Игі шара барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы бүгінгі шараның маңыздылығын атап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырды. 

Зираттар тазаланып болған соң қабірлерді зиярат етудің ережелері жазылған тақтайша ілініп,  ҚМДБ-ның 2020 жылы имамдардың республикалық IV форумында қабылдаған «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты жамағатқа түсіндірілді.

«Алла Тағала Құрандағы «Исра» сүресінің, 70-аятында: «Расында Адам баласын ардақтадық» деп, адамды тірі күнінде де, дүние салғаннан соң да құрметтеуге бұйырған. Асыл дініміз дүниеден қайтқан адамды соңғы сапарына жуындырып, арулап ақ матаға орап, хош иіс сеуіп, жаназасын оқып, құрметпен Жер ана қойнауына тапсырады және одан кейін де дүниеден өткен адамның ары мен абыройын құрметтеуге үндейді. Қайтыс болған адамның есеп-қисап болатын қияметке дейінгі уақытша мекені болған қабірлерді таза ұстау – баршамыз үшін қайырлы іс саналады» дейді ұйымдастырушылар.

Аталмыш игі іс-шараға мешіттердің дін қызметкерлері мен ерікті жамағат, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен мекемелер де қатысты.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру