Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

29 СӘУІР МҰСЫЛМАН ЗИРАТТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТЕДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.04.2023 4714 0 пікір
29 СӘУІР МҰСЫЛМАН ЗИРАТТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылғы айтулы шаралар жоспарына сай, «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында «QАМQOR-SARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 29 сәуір күні еліміздің барлық аумағындағы зират басына тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Мұсылман адам дүниеде қандай қадірлі болса, оның қабірін аяқасты етуге ешкімнің қақысы жоқ. Ал мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру - жәй ғана міндет емес, ізгі амал.

«Алла Тағала Құрандағы «Исра» сүресінің, 70-аятында: «Расында Адам баласын ардақтадық» деп, адамды тірі күнінде де, дүние салғаннан соң да құрметтеуге бұйырған. Асыл дініміз дүниеден қайтқан адамды соңғы сапарына жуындырып, арулап ақ матаға орап, хош иіс сеуіп, жаназасын оқып, құрметпен Жер ана қойнауына тапсырады және одан кейін де дүниеден өткен адамның ары мен абыройын құрметтеуге үндейді. Қайтыс болған адамның есеп-қисап болатын қияметке дейінгі уақытша мекені болған қабірлерді таза ұстау – баршамыз үшін қайырлы іс саналады» дейді ұйымдастырушылар.

Аталмыш игі іс-шараға ҚМДБ-ға қарасты 20 өкілдіктің дін қызметкерлері мен ерікті жамағат, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен мекемелерде қатысады деп жоспарлануда.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру