Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ БЕКЕТ АТА МЕШІТІНІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.04.2023 2580 0 пікір
БАС МҮФТИ БЕКЕТ АТА МЕШІТІНІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласына сапарында Балықшы шағынауданында бой көтеретін жаңа мешіттің іргетасын қалады.

Игі іс-шарада Наурызбай қажы Тағанұлы: «Мешітке қазақтың біртуар азаматы, қазақ даласындағы дін Исламның қанат жаюы үшін қызмет еткен, дін ғұламасы Бекет ата Мырзағұлұлының есімі берілгелі отыр. Бекет атаның кім екенін иісі қазақ түгел біледі. Бекет атаның ата қонысы – осы Атырау өңірі. Әрине, елімізде Бекет ата есімін алған мешіттер аз емес. Алайда Атырау қаласында бабамыздың атындағы мұнаралы мешіттің болуының орны бөлек деп білеміз», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ Төрағасы мешіттің межеленген уақытта ел игілігіне беріліп, іші жамағатқа толуын тілеп, дұға жасады.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру