Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ БЕРЕКЕ ТІЛЕДІ

muftyat.kz 22.04.2023 1312 0 пікір
ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ БЕРЕКЕ ТІЛЕДІ

Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Құранда айтылғандай, түніміз бен күнімізді тең етіп, ошақ басын Құран мектебіне айналдырып, пікір, шүкір және құлшылық ғибадатпен Раббымыздың мейірімін тілеп берекелі өткізуге бар күшімізді жұмсадық. Осынау ерекше күндердің соңғы сәттерін, адамзат тарихындағы ең ірі апаттардың бірін ел болып бастан кешірсек те, бойымыздағы мұсылмандық жауапкершілік сезімін қайрап, мұсылманға жарасарлық жәрдеммен адамдыққа сиярлық ауызбіршілікте, тұтастықта өткізуге жәрдем беруін жаратушы Жаббар Иемізден тілейміз.

Бізді орны толмас қайғыға душареткен осынау оқиғада, әрі материалдық әрі рухани қолдау көрсетіп, жанымыздан табылған сіздердің бұл сақилық іс әрекетіңіздің өте маңызды әрі естен шықпас қолдау болғандығын да атап өткім келеді. Осы орайда, Сізді және еліңіздегі бүкіл мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтай келе, бауырлық ілтипатымды, сүйіспеншілік пен құрметімді жеткіземін. Қасиетті Рамазан айы барша мұсылман баласын сабырлы, ұстамды болуға тәрбиелеп, қанағатшылдыққа, бауырластыққа үндеді. Жер бетіндегі барша мұсылманға береке тілеймін. Біздің арамыздағы бауырластық байланыстың арта беруіне тілектестігімді білдіремін» делінген құттықтау хатта.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру