Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.04.2023 2195 0 пікір
БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда зиялы қауым өкілдеріне, түрлі сала қызметкерлеріне, сондай-ақ қарттар және балалар үйіндегі жандарға арнайы ауызашар берді.

«Рамазан – тәрбие мен тағылым айы. Қасиетті айда мұсылман баласы қанағат, шүкір, мейірім, бауырмалдық, кешірім сынды көркем мінезді қалыптастыруға тырысады. Өйткені, қасиетті айда мұсылманға көп жақсылық пен мүмкіндіктер беріледі. Бұл туралы ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл айда жәннат есіктері ашылады. Ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі», – деген сүйінші хабар жеткізген.

Ендеше, берекелі айда көбірек сауапты амал жасауға асығайық. Ата-анамыздың, қазыналы қарттарымыздың дұғасы мен алғысын алуға тырысайық. Мүмкіндікке қарай мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, науқастың көңілін сұрап, сауап алайық» деді ҚМДБ Төрағасы.

Өз кезегінде құттықтау сөз кезегін алған ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері Бас мүфтиге алғыс білдіріп, Діни басқарманың игі бастамаларына сәттілік тіледі.

Ауызашар дастарқанында термелер орындалып, жас таланттардан құралған бір топ жігіттер заманауи дәстүр үрдісімен жарапазан жырын айтты.

Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға және балаларға арнайы рамазан сыйын табыстады.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру