Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ПӘТУА МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.11.2022 2810 0 пікір
ПӘТУА МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ ғимаратының Абай кітапханасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Діни басқарманың пәтуаға жауапты және діни ақпарат беру орталығы (Call орталық) мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар мәресіне жетті.

Семинарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ашып беріп, одан ары наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Цифрлық заманда – пәтуа берудің рөлімен маңыздылығы», «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев «Ислам экономикасында зекет және уақып қорларын басқарудың шариғи талаптары», ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары Бауыржан Абдуалиев пен Медет Құрсақов «Цифрлық заманда пәтуа берудің методикасы» және «Отбасылық құндылықтар (проблемалар, шешімдер)» тақырыбында дәріс оқыды.

Сондай-ақ БАҚ қызметкерлері – «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан «Діни мәтіндер дайындаудың әдіс-тәсілдері», PR және SMM маманы Ернар Сеитахмет «Қоғам, дін және әлеуметтік желілер» тақырыптарында тренинг өткізді. Семинар соңында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы спикерлерге алғысын жеткізіп, Діни басқарманың пәтуаға және діни ақпарат беру орталығына жауапты мамандарға арнайы сертификат табыстады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру