Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ «MUNARA FM» РАДИОСЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.11.2022 4154 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ «MUNARA FM» РАДИОСЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «MUNARA FM» интернет радиосы ашылды. Салтанатты ашылу шарасына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы, Қазақ радиосының директоры Дулат Абибуллаев, сондай-ақ ҚМДБ Орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

«Діни басқарманың «MUNARA TV» арнасы бар, енді интернет радиосы да іске қосылды. Радио тыңдармандар назарына күн сайын бағдарламалар мен аудиокітаптар ұсынады. Одан бөлек балаларға арналған хабарлар мен имам-ұстаздардың уағыз-дәрістерін де радио арқылы тыңдауға болады» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, «MUNARA FM» радиосынан тыңдармандар ҚМДБ мен «Қазақ радиосының» бірлескен жобасы – «Ықылас» радиохабарын, «Ғибратты әңгімелер» сағатын, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының аудио нұсқасын, Наурызбай қажы Тағанұлының «Үміт сәулесі», Алау Әділбаевтың «Саңлақ сахабалар», Қалмахан Сейітұлының «Пайғамбарлар тарихы» аудиокітаптарын тыңдай алады. Сондай-ақ радио эфирінен қасиетті Құран Кәрімнің қазақша түсіндірмесін, балаларға арналған «Мұсылман әліппесі» хабарын, мүфтият ұстаздарының Республикалық бас мешіттегі дәрістері мен елімізге танымал имамдардың әсерлі уағыздарын т.б аудиожобаларды тыңдауға болады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру