Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӨРТ СӨНДІРУШІ АСҚАР СЕРІКҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.11.2022 3245 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӨРТ СӨНДІРУШІ АСҚАР СЕРІКҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Серікұлының қазасына байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

«Алла Тағала Қасиетті Құранның «Мәида» сүресінің 32-аятында: «…Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық…» делінген. Асқар  Серікұлы өз ісіне адалдық танытып, өзгелерді өлімнен құтқарып, нағыз ерлікпен қаза тапты. Алла Тағала марқұмды мейіріміне бөлеп, жәннатын нәсіп етсін» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Айта кетсек, Асқар Серікұлы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде оқиға орнына шұғыл жетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалған еді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру