Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ҚМДБ: ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.10.2022 2799 0 пікір
ҚМДБ: ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ (ФОТО)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті. Жеті бағыт бойынша республика көлемінде 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында атқарылған жұмыс есебі тыңдалды.

ҚМДБ Төрағасына діни білім және ғылым, уағыз-насихат және ихсан, дін мен дәстүр, сондай-ақ ақпарат және ағарту бағыттары бойынша тоғыз айдың есебі баяндалды.

«Діни басқарманың игі іс-шаралары мен уағыз-дәрістері орталықтан бөлек аудан, ауыл тұрғындарына кеңінен насихатталуы тиіс. Дінмен сабақтасқан дәстүрімізді халыққа көбірек насихаттауды, осы бағытта ауқымды шараларды жиі ұйымдастыруды тапсырамын. Жамағаттың діни сауатын арттыруға көп күш салу қажет» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл діни білім және ғылым, уағыз-насихат және ихсан, дін мен дәстүр, ақпарат және ағарту, қоғаммен байланыс, уақып және қайырымдылық, діни оңалту бағыттарына басымдық беріп, ауқымды жұмыстар атқаруда.

Еске сала кетейік, Аппарат жиналысы ертең де жалғасып, қалған үш бағыт бойынша жұмыс есебі тыңдалады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру