Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Павлодарда дін қызметкерлері аттестатталды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 04.10.2022 4294 0 пікір
Павлодарда дін қызметкерлері аттестатталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен облыстық орталық мешітте Павлодар облысына қарасты 102 мешіттің дін қызметкері (бас имамдар, наиб имамдар, молдалар, азаншылар, ұстаздар) аттестаттаудан өтіп, сынақ емтиханын тапсырды.

Үш жылда бір рет өтетін бұл аттестаттаудың мақсаты – еліміздегі дін саласында қызмет етіп жүрген имамдарынымыздың діни біліктілігін арттыру, әрі осы сынақ емтиханы арқылы имамдардың өз-өзін бағалауға, шыңдауға мүмкіндік тудыру және дін қызметкерінің білімі мен қабілетін айқындау.

Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасынан арнайы келген комиссия төрағасы – Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, мешіт істері бөлімінің бастығы Марат Абдуллаұлы аттестаттаудан өткен имамдардың білім дейгейін тексеріп, бағалады.

Павлодар облысының имамдары А, В, С деген үш санатқа бөлініп, емтихан тапсырды. Алдымен тестілеуден ақида, фиқһ, Ислам тарихы және заң бойынша 80 сұраққа жауап берді. Одан кейін ауызша емтихан, яғни Құранды жатқа оқу сынағын тапсырды. Аттестаттау екі күнге жалғасты. Мешіттің дін қызметкерлері шариғат ілімдерінен ғана емес, басқа да қойылған сұрақтарға жауап берді.

ҚМДБ-ның өкілдері бұл шараның маңызды екенін атап көрсетіп, имамдар мен молдалар қатары жоғары білімді мамандармен де толығып келе жатқанын, имамдарға ұдайы білім беру ҚМДБ-ның басты ұстанымы екенін тілге тиек етті. Аттестаттау нәтижесінде облыс имамдары өздерінің дайындықпен келгенін дәлелдеп, жоғары баға көрсетті. Имамдардың білімі мен біліктілігін сараптап қайтқан ҚМДБ комиссиясы бұл сынақ шарасына байланысты алдағы уақыттарда арнайы шешім шығарылатынын жеткізді. Соңында Сансызбай Құрбанұлы ақшам мен құптан арасында жамағатқа уағыз жүргізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру