Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ САУД АРАБИЯСЫ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.09.2022 2253 0 пікір
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ САУД АРАБИЯСЫ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфик бен Фаузан әл-Рабиамен кездесті.

Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Жыл сайын елімізден Сауд Арабиясына қажылық пен ұмраға барушылардың саны артып келеді. Осыған орай екі елдің министрлері қажылыққа квота беру, қасиетті сапарға барушыларды тасымалдау мәселесін пысықтады. Жүздесу соңында Дархан Қыдырәлі құрметті мейманға Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қақпасы бейнеленген кәде-сый сыйлады.

Айта кетейік, бүгінгі кездесу – мемлекет басшылары деңгейіндегі сапардың бір нәтижесі.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру