Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНГЕ ТОЛЫҚ ЖЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.07.2022 2958 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНГЕ ТОЛЫҚ ЖЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан қажылары толығымен Мекке мен Мəдина қалаларына жетті. Бүгін қажылар мінген соңғы рейс Сауд Арабиясына келіп қонды.

Қазіргі таңда 4000 қазақстандық қажы толығымен қонақүйлерге орналасты. Оларға отандық 14 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде. Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері аталған компаниялардың қызметін тексеру-қадағалау жұмыстарына кірісіп кетті.

Осы уақытта жерлестеріміз кіші қажылығын өтеп, үлкен қажылыққа дайындалуда. Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері Батыржан Берденов, Медет Құрсақов, Ардақ Оразбаев уағыз-насихат жүрігізіп, қажылардың сұрақтарына жауап беруде.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру