Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИДІҢ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.07.2022 3858 0 пікір
БАС МҮФТИДІҢ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

 

Құрметті отандастар!

Сіздерді бүгінгі Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлттық домбыра күні – ұлттық дәстүрімізді бұқаралық сипатта насихаттаудың үлкен мүмкіндігі, орайлы сәті. Ел басына күн туған сәттерде қолға домбырасын алып, жалынды жырларымен халқымызды игілік пен бірлікке үндеп, жүрекке жігер сыйлаған жырауларымыздың өнегелі ісі әлі күнге дейін жадымызда.

Әр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үні күн сайын жаңғырып келе жатқаны жүрекке қуаныш сыйлайды.

Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің күнделікті жеті бағыт бойынша жұмыстарында дін мен дәстүр сабақтастығын барынша насихаттап келеді. Бұл бағыт бойынша жұмыстарымыз тұрақты түрде жалғаса бермек.

Алла Тағала халқымызға амандық, жерімізге тыныштық нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болғай. Әмин.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру