Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МҮФТИЯТТЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.06.2022 3195 0 пікір
МҮФТИЯТТЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Аппарат отырысында ҚМДБ-ның «Электронды кітапханасы» жобасы таныстырылды.

Мүфтият ресми сайтының қосымшасы ретінде іске қосылған http://kitap.muftyat.kz сайтын Орталық аппарат мүшелеріне Ғаламтормен жұмыс секторының меңгерушісі Серікбол Хасан таныстырды.

Электронды кітапхана «Кітаптар», «Басылымдар», «Құжаттар», «Ғылыми жұмыстар», «Сөздіктер» т.б бірнеше айдарға бөлінген. «Кітаптар» айдарында «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітаптар, қазақша және орысша діни кітаптар орналасқан. Ал «Басылымдар» айдарынан оқырмандар «Мұнара» газеті мен «Иман» журналының әр жылдардағы сандарының PDF нұсқасымен таныса алады.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Электронды кітапхана» жобасы ҚМДБ тарапынан мақұлданған кітаптарды жинақтай отырып, цифрландыру әрі жүйелеу мақсатында жүзеге асырылды. Діни кітаптар базасы жинақталған жоба қарапайым оқырмандарға да, дін қызметкерлеріне де пайдалы болмақ.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру