Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МЕДРЕСЕЛЕРДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕМТИХАН БАСТАЛДЫ

muftyat.kz 21.06.2022 3061 0 пікір
МЕДРЕСЕЛЕРДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕМТИХАН БАСТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі 9 медреседе 2021-2022 оқу жылы аяқталып, қорытынды емтихандар өтіп жатыр.

Атап айтқанда, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Алматы облысында орналасқан «Үшқоңыр» медресе-колледжіне арнайы барып, түлектердің қорытынды емтиханына қатысты. Комиссия құрамында Алматы облысының бас имамы Қуаныш Наржанов пен «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұстазы Әлішер Ташбаев, «Үшқоңыр» медресе-колледжінің директоры Абзал Амиров, оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бекболат Бердімұрат және арнайы пән мұғалімі Төкеш Нұрғали болды.

Алдымен Смайыл Сүйерқұлұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші тілектерге сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Түлектер Құран, фиқҺ, араб тілі пәндері бойынша жинаған ілімдерін ортаға салып, сынақты ойдағыдай тапсырып шықты. 

Айта кетейік, биыл жылы «Үшқоңыр» медресе-колледжін 53 түлек тәмамдап отыр. Екі студент Түркия мемлекетіндегі Хасеки академиясына оқуға түссе, өзге де үздік студенттер жоғары оқу орнына түсіп, білімдерін жалғастырмақ. Сондай-ақ медресе түлектеріне еліміздегі ҚМДБ-ға қарасты мешіт-медреселерде жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру