Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ЗЕКЕТ ҚОРЫНЫҢ ЗАМАНАУИ КЕЛБЕТІ» ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

muftyat.kz 15.06.2022 3540 0 пікір
«ЗЕКЕТ ҚОРЫНЫҢ ЗАМАНАУИ КЕЛБЕТІ» ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының орталық аппаратында «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Зекет қорының заманауи келбеті» тақырыбында онлайн конференция өтті.

Іс-шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин, сарапшы мамандар және қордың республика өңірлеріндегі өкілдері онлайн қатысты.  

Алдымен Қанат Қоянбекұлы қайырымдылық қорының жаңа жобаларын таныстырып, атқарылған іс-шараларға қысқаша тоқталып өтсе, есепші Ернар Қожабек «Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлер жұмысын бағалау жүйесі» тақырыбында баяндама жасаса, қордың әлеуметтік қызметкері Жәнібек Заманбек мұқтаждар базасын құрудың жаңа әдістемесін таныстырды.

Ал конференция соңында қордың исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев зекет өкілдеріне алдағы күндері «Зекет жинаудың әдістемелік нұсқасы» тақырыбындағы семинар-тренинг ұйымдастырылатынын жеткізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру