Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАИБ МҮФТИ БҰҰ БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.06.2022 3239 0 пікір
НАИБ МҮФТИ БҰҰ БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін елордада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизенмен кездесті.

Басқосуда наиб мүфти Балалар қорының өкіліне еліміздегі діни салада атқарылып жатқан іс-шаралар, соның ішінде балалар құқын қорғау, ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер мен қарилар дайындау орталықтарында білім алып жатқан шәкірттер жайлы айтып берді. Сондай-ақ Ислам дініндегі баланың рөлі, балаларға жасалып жатқан қамқорлықтар мен мүмкіндіктер, бүлдіршіндердің қатысуымен өтіп жатқан ізгі іс-шараларға тереңірек тоқталды.

Өз кезегінде өкіл Артур ван Дизен әлемдегі балалар құқығы мен бостандығы жайлы хабардар етіп, осы бағытта Қазақстанда да бірқатар игі жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.

Кездесу соңында тараптар балалар құқын қорғау бағытындағы өзара ынтымақтастықты арттырудың маңызы жайлы айтып, бірлескен жұмыстар атқаруға уағдаласты.

Айта кетейік, Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры Қазақстанда 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінде қордың әлемнің 190 елінде өкілдігі бар. Қор осы елдердегі балалардың құқықтары мен денсаулығын қорғайды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру