Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«MAGNUM CASH&CARRY» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

halaldamu.kz 10.06.2022 1843 0 пікір
«MAGNUM CASH&CARRY» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының төрағалығымен «Magnum cash&carry» сауда орнының басшылығы және қызметкерлеріне арналған төралқа жиыны өтті. Жиынға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Бақзейнелұлы қатысты.

«Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «...Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді» деген. «Magnum cash & carry» сауда орындарының ет және шұжық өнімдерін халал талаптарына сай сертификатталуы – халық үшін де, халал үшін де оң шешімін тапқан мәселелердің бірі болғаны анық. Дегенмен де, «Magnum cash & carry» сауда орны басшылығы мен қызметкерлерін «QMDB Halal» витринасында діни басқарма тарапынан сертификаттаудан өтпеген шұжық өнімдерімен араласпауын әрі қарай да жіті қадағалап, жүйелі жұмыстарымызды бұдан да жоғары деңгейде жалғастыратынымызға сенемін» деді Ершат Ағыбайұлы.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары ортақ істің алдағы жұмыс жоспарын талқылап, қателік-кемшіліктермен жұмыс жасау барысын ескертті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру