Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ МҮБАШШИР АТ-ТАРАЗИДІҢ ҚАБІРІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.06.2022 2327 0 пікір
БАС МҮФТИ МҮБАШШИР АТ-ТАРАЗИДІҢ ҚАБІРІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысырдағы сапарының соңғы күнінде Тараз қаласының тумасы, дін ғұламасы Әбу Насыр Мүбашшир ат-Тарази әл-Хусейнидің қабіріне зиярат етіп, рухына Құран аяттарын бағыштады.

Каирде Мүбашшир ат-Таразидің құрметіне қойылған көше бар. Делегация мүшелері көшені арнайы барып көрді.

Мубашшир ат-Тарази 1896 жылы дүниеге келген. 1977 жылғы 11 ақпанда Мұқаттам тауының етегіндегі қабірлердің біріне жерленген. Оның жанында ұлы Насруллаһ Мүбашшир ат-Тарази қатар жатыр. Мүбашшир ат-Тарази қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы күресін Әулиеатадан бастап, кейін Ауғанстан, Мысырда жалғады. Ауғанстанда жоғары қызметтер атқарды. Өмірінің соңын Мысыр жерінде өткізді.

Еске сала кетейік, жуырда Тараз қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Тараздан шыққан діни тұлғалар. Профессор Насрулла Таразидің туғанына 100 жыл» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өткен болатын.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру