Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.06.2022 1623 0 пікір
«ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ (ФОТО)

Мысырдағы сапарын қорытындылай келе ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти «Бейбарыс сұлтан» білім беру орталығында қонақта болды. Аталған орталық сол елдегі «Талаба» қауымдастығының жанынан ашылған болатын.

Мұнда елден келген шәкірттер үш деңгейде, атап айтқанда төменгі, орта және жоғары деңгейде білім алады. Ең алдымен ҚМДБ-ның Мысырдағы жауапты өкілі Руслан Серғазиев бір жылдық жұмысын қорытындылап, Бас мүфтиге есеп берді. Оның айтуынша, елден діни білім әліппесін үйреніп келгендерге мұнда білімін жалғастыру қиынға соқпайды. Ал керісінше әліппеден бастау ізденушінің уақытын алады дейді. Аталған орталықта Ханафи мазһабының ұстаздары Құран, хадис ілімінен қосымша дәріс береді.

Шәкірттермен кездесу барысында ҚМДБ Төрағасы терең білім алу, уағыз айтуды меңгеру, әдеп мәселесі, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне құрмет, елге келіп алған білімін шәкірттермен бөлісу, тіл үйрену жағына ерекше тоқталды.

Кейін өкіл Руслан Серғазиев Бас мүфтиге Орталық жұмысын көрсетіп, кітапхана, дәрісхана залдарын аралатты. Орталық ішінде ҚМДБ жанынан шыққан кітаптардан бөлек Ислам әдебиеті, діни білімге қатысты құнды еңбектер қамтылған. Шәкірттер бір бөлмені толықтай қазақы нақышта безендіріп жасапты. Кездесу соңында шәкірттер өздерін толғантқан сауалдарын Бас мүфтиге қойып, тұщымды жауап алды.

Айта кетейік, бүгінде «әл-Азһар» университетінде жалпы алғанда 120 қазақстандық шәкірт бар. Биыл 7 түлек университетті бітіргелі отыр.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру