Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ӘЗІРЕТ СҰЛТАН КЕШЕНІН ЗИЯРАТ ЕТУ ӘДЕБІ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 09.06.2022 2574 0 пікір
ӘЗІРЕТ СҰЛТАН КЕШЕНІН ЗИЯРАТ ЕТУ ӘДЕБІ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XXXIV мәжілісінде «Әзірет Сұлтан тарихи кешеніне зиярат жасаудың діни әдебі» құжаты қабылданды.

Құжатта Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат ету тәртібі, кесенеде тыйым салынатын амалдар, әйел қауымының зиярат жасау әдебі жазылған. Сондай-ақ кесенеге келгенде Алладан рақым тілеп, марқұмдарға сәлем беру, марқұмдар рухына Құран аяттарын мүмкіндігінше сауатты оқу, қабірде жатқан кісіге табынбау, кесенені айналып тауап жасамау, кесене қабырғасын сипап, тілек тілемеу, шүберек байламау, т.б. мәселелер қамтылған.

«Бұл ереже Әзірет Сұлтан тарихи кешенін зиярат етудің өзіндік мәдениетін қалыптастыру, зияраттың шариғат тұрғысынан дұрыс орындалуы үшін әзірленді. Зиярат жасаудың әдебі Ислам дінінің негізгі қайнар көздері мен ата-бабаларымыздың дәстүрлері негізінде дайындалды» делінген құжат мәтінінде.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру