Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ БІРНЕШЕ ПӘТУА ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 03.06.2022 3120 0 пікір
ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ БІРНЕШЕ ПӘТУА ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

Қарағанды облысында өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XXXIV мәжілісінде бірқатар пәтуалардың мазмұны талқыланып, мәтіні бекітілді.

Кеңес мүшелерінің ортақ шешімімен монополия үкімі, мұсылман емес кісіге тұрмысқа шығудың үкімі, биржада акцияны сатып алу және сату үкімі, құнды қағаздан зекет беру үкімі, АХАТ арқылы неке қиюдың шариғи үкімі тақырыбында әзірленген пәтуалар қабылданды. Бекітілген пәтуалардың толық мәтіні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми ақпарат құралдарында жарияланады.

Айта кетсек, Ғұламалар кеңесі шариғат, салт-дәстүр негіздеріне сүйеніп, мұсылман қауымын алаңдатқан көкейкесті, түйткілді мәселелерді талқылап, пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру