Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ВАТИКАННЫҢ ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ӨКІЛІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 31.05.2022 1760 0 пікір
БАС МҮФТИ ВАТИКАННЫҢ ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ӨКІЛІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ватиканның еліміздегі жоғары лауазымды өкілі, Апостолдық нунций Френсис Ассизи Чулликатпен сұхбаттасты.

Кездесуде биыл қыркүйекте елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар бүгінгі таңда адамдар арасындағы татулық пен ортақ келісімді нығайтудың маңызы сөз болды. Ватиканның жоғары лауазымды өкілі Қазақстанда қалыптасқан діни келісім мен қазақ халқының бейбітсүйгіш қасиетін ерекше атап өтіп, уақыт бөліп, арнайы қабылдаған Бас мүфтиге алғысын білдірді.

Басқосуда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың түрлі бағыт бойынша атқарып келе жатқан жұмыстары жайлы әңгімелеп берді.  

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру