Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ЕСЕПШІЛЕРДІҢ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 30.05.2022 2417 0 пікір
ЕСЕПШІЛЕРДІҢ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты өңірлердегі мешіт есепшілерінің өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған арнайы жиын өтті.

Алқалы жиынды ашқан Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов есепшілердің игі істеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ ҚМДБ-ның бас есепшісі Лаура Байжарасова діни саладағы есеп-қисап жүргізу жұмыстары заманауи тәсілмен жүзеге асып жатқанын атап өтіп, осы бағытта есепшілерді белсенді қызмет етуге шақырды.

Жиын барысында өңірден келген есепшілер есеп-қисап жүргізу жұмысын оңтайландыру бағыты бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, тәжірибесін бөлісті.

Жиын қорытындысы бойынша Қарағанды облысының бас есепшісі Рымгүл Темірбекқызы, Шымкент қаласының бас есепшісі Алшагүл Әкімбайқызы, Нұр-Сұлтан қаласының бас есепшісі Қайрат Әнуарұлы жылдық есеп бойынша үздік деп танылды.

Сондай-ақ мешіт есепшілері ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында Түркістан облысындағы киелі орындарды, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи және Ибраһим ата кесенелерін зиярат етіп, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру