Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«УАҚЫТ ЖӘНЕ СЕН» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 30.05.2022 2484 0 пікір
«УАҚЫТ ЖӘНЕ СЕН» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кіші Төралқа мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Уақыт және сен» кітабының танытымы өтті.

Кітапта Алла Тағаланың адамзат баласына берген ең бағалы нығметі – уақыттың қадір-қасиеті жайында мол мағлұмат берілген. Сонымен қатар уақыттың құндылығы асыл дініміздің призмасымен қарастырылған.

«Уақыт және сен» кітабында уақыттың қаншалықты қымбат екені ғибратты оқиғалармен баяндалып, уақытты жүйелеудің әдіс-тәсілдері де қоса көрсетілген. Сондай-ақ кітап авторы Хамзат Қажымұратұлы тайм-менеджментке қатысты көптеген пайдалы еңбектерді мысалға келтіріп, олардың маңызды деген тұстарын оқырманға екшеп ұсынады.

Тұмар Шұнықова,

ЕҰУ-дың 2-курс студенті

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру