Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАСҚОСУДА НЕКЕ ҚИЮ, АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 26.05.2022 1866 0 пікір
БАСҚОСУДА НЕКЕ ҚИЮ, АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы елорданың Алматы ауданы әкімдігінде өткен ажырасудың алдын алу және неке, отбасыға байланысты мәселелер төңірегінде өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Басқосуға сондай-ақ ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Медет Құрсақов пен Бауыржан Абдуалиев, Алматы ауданы әкімінің орынбасары Рахматулла Махсутханұлы, Алматы ауданының соты Айгүл Елубайқызы, АХАТ бөлімінің басшысы Гүлсім Мәдиқызы, әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Сапура Мухамедиярқызы, медиатор Дана Маратқызы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС директоры Мади Шойынбекұлы қатысты.

Басқосуда негізінен неке қию, ажырасу мәселелері талқыланды. Жиында мамандар көтерілген тақырып бойынша өз ойын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында неке қию рәсімдерінің заңдылық нормалары, өзге елдің азаматтарына тұрмысқа шығу мәселесі, сот арқылы ажырасу процестері, ажырасудың негізгі себептері және оны алдын алу жолдары сараланды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру