Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ТАРАЗДА ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 19.05.2022 1989 0 пікір
ТАРАЗДА ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Тараздан шыққан діни тұлғалар. Профессор Насрулла Таразидің туғанына 100 жыл» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтеді.

Насрулла ат-Тарази – парсы тілі және әдебиеті бойынша ғылым докторы, профессор, ескі қолжазбарды оқу және талдау бойынша білікті маман, шығыстанушы ғалым.

Тараздан шыққан дін тұлғаларын көпшілікке таныту, еңбектерін оқырманға таныстыру мақсатында өткізілетін жиынға тарихшылар, зерттеушілер қатысып, Насрулла ат-Тарази еңбектері мен ғұмыры жайлы сыр шертеді.

Іс-шараға Өзбекстан, Қырғызстан елдерініңжәне еліміздің профессор, докторлары баяндама жасайды. Конференция 24 мамырда Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында өтеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру