Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАИБ МҮФТИ ҚАЖЫЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.05.2022 3755 0 пікір
НАИБ МҮФТИ ҚАЖЫЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегацияның Сауд Арабиясы Королдігіне ресми сапары аясында наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы қасиетті Мекке қаласында Қажылық электронды жүйесінің басшысы Фарид бин ТаҺа Мендермен кездесті.

Кездесу барысында Фарид Мендер қазақстандық делегецияға Қажылық электронды жүйесіндегі осы жылы енген жаңа қызметтерді таныстырып, пандемия жағдайында ұйымдастырылатын қажылық маусымына қатысты жаңа талаптардың маңыздылығын түсіндірді. Әсіресе егде жастағы қажылардың денсаулықтары мен қауіпсіздігі үшін биылғы жылы 65 жастан асқан азаматтардың қажылық парызын өтей алмайтындығын тілге тиек етті. Нақты айтқанда, қажылық электронды жүйесі 1957 жылдың 1 шілдесіне дейін дүниеге келген азаматтарды автоматты түрде қабылдамайтынын, сондай-ақ, олардың қажылық визасын ала алмайтындығын жеткізді.

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Ағыбайұлы электронды жүйе басшысы Фарид Мендер мырзаға биылғы жылы Қазақстанға бөлінген 3000 қажылық орынның туристік фирмаларға арнайы конкурс негізінде бөлінгендігін, сәйкесінше ендігі кезекте осы орындардың қажылық электронды жүйесінде тиісті фирмаларға үлестіру жұмыстарының жүріп жатқандығын хабарлап, Қазақстан қажылық миссиясының электронды жүйедегі ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарына көрсетіп жатқан көмегі үшін алғысын білдірді.

Қажылық электронды жүйесінің басшысы да Қазақстан қажылық миссиясына САК қасиетті сапарды ұйымдастыруда қажылық электронды жүйесін енгізген алғашқы маусымынан бастап көптеген қиындықтарға қарамастан қолдау білдіріп, түрлі ұсыныс-пікірлері арқылы аталмыш жүйенің дамуына қосып келе жатқан үлесі үшін ерекше алғысын айтты.

Тараптар биылғы қажылық маусымына байланысты жүріп жатқан дайындық жұмыстарының өзге де мәселеріне тоқталып, өзара пікір алмасты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру