Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ САУД АРАБИЯДАҒЫ ӨКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.05.2022 4444 0 пікір
«ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ САУД АРАБИЯДАҒЫ ӨКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Сауд Арабия Корольдігіндегі жұмыс сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Эр-Риядта ҚМДБ-ның осы елдегі өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының осы елдегі жетекшісі етіп Абдулахад Смановты тағайындады.

Бас мүфти тұрақты өкілді Қазақстанның Сауд Арабия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Берік Арынға арнайы таныстырды.

Қазіргі таңда жаңадан тағайындалған Абдулахад Сманов Эр-Риядта доктарантурада білім алуда. Бас мүфти өз кезегінде жауапты өкілмен Елшілік арасындағы байланысты нығайтуға қатысты өз ұсынысын жеткізді. Берік Сақбайұлы ҚМДБ Төрағасының ұсынысын қабыл алып, қолдауға даяр екенін айтты.

Бүгінде Сауд Арабиясында 20-ға жуық шәкірт бар. Мұнда студенттерді 4 университет қабылдайды.

Еске салайық, ҚМДБ жанынан құрылған «Талаба» қауымдастығының Түркияда, Мысырда арнайы жауапты өкілдері жұмыс істейді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру