Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БЕЛАРУСЬ МҮФТИІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 03.05.2022 2619 0 пікір
БЕЛАРУСЬ МҮФТИІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Беларусь мұсылмандары діни бірлестігінің төрағасы Абу-Бекир Шабанович ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Беларусь мұсылмандары және өз атымнан Сізді және Қазақстанның барша мұсылмандарын қасиетті Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын.

Осы күндерде айтылған ізгі тілектер, жасалған қайырымдылық шаралары, көрсетілген мейірім жүрегімізден шынайы орын алып, сенімді серігімізге айналсын. Алла Тағала ұстаған оразамыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін! Жақсы амалдарымызға сауаптан жазсын!» делінген құттықтау хатта.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру