Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 02.05.2022 3599 0 пікір
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қарағанды облысы Ұлытау ауданына қарасты Жезді кентінде заманауи үлгімен салынған жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, әсем мешіт халық игілігіне берілді.

Есенғұлұлы Ақбай бабамыздың атындағы имандылық үйінің ашылуына ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайырбеков, Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы, Жезқазған өңірінің имамдары, ауданға белгілі ақсақалдар және мешітті салуға мұрындық болған Ақбай баба әулеті қатысты.

Алдымен Нұрлан Евфратұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан Алла үйіне сыйлық табыстап, жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, мешітті тұрғызған Ақбай баба ұрпақтарына алғыс хат табыстады.

Мешіттің ашылуына көмектескен, құрылыс жұмыстарына белсене араласып, демеушілік жасаған кәсіпкерлерге, жұмысшыларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етілді. Салтанатты түрде ашылған 100 орындық Ақбай баба атындағы ауылдық мешітте алдымен әруақтарға құран бағышталып, ақсақалдар батасын берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру